03 Қар 2020
Жаңалықтар

«Ақпараттық технологиялар арқылы балалардың танымдық қабілетін арттыру»

№ 32 «Мөлдір» бөбекжай балабақшасы

Шығармашылық тақырыбы:«Ақпараттық технологиялар арқылы балалардың танымдық қабілетін арттыру»

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. 

Екінші кіші топ "Ақ гүлдер"

Білім беру саласы:Таным.Шығармашылық.Коммуникация.

Бөлімі: Жаратылыстану.Сурет.Көркем әдебиет. Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру.

Тақырыбы: Аспанға саяхат.

Мақсаты: Аспан әлемі туралы, олардың ерекшеліктерін білу. Балаларға аспан әлемін қағаз бетіне таяқшамен бастыру арқылы, іскерлік дағдыларын меңгерт.

Білімділік: Балалардың жыл бойғы білімдерін қорытындылай отырып, сандар, геометриялық пішіндер жайлы, ертегілер, ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін қорытындылау.

Дамытушылық: Саяхат арқылы қиялдарын шыңдау, логикалық ойлау қабілетін, ақыл – ой белсенділігін арттыру,

Тәрбиелік: Берілген тапсырманы өздігінен орындауға, өз ойын еркін айта білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Геометриялық пішіндер, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, айырмашылығын табуға арналған күн мен түннің суреті.

Сөздік жұмыс: күн, ай, бұлт, жұлдыз, зымыран, аспан.

Билингвалді компонент: зымыран - ракета, ай - луна, жұлдыз - звезда, күн - солнце, бұлт - туча.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жүру барысы:

 

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -  әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбер:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған Жер – Ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман – есен болайық,
Бейбітшілік қалайық.

Балалар  шеңберге жиналып, бірге қайталап айтады.

Ұйымдастырушы– ізденістік

- Балалар, аспан әлемі сендерді қонаққа шақырады. Бүгін айдың туған күні екен. Айға немен барамыз?
Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерден құрастыр».
Зымыранға отырайық, тез арада айға ұшып барайық. (зымыранның ұшқан дауысы шығады.)

Аспан әлемінде балаларды Ай қарсы алады:
Ай: Аспан әлеміне қош келдіңдер, балалар!
- Аспан әлемінде нелер болады?
Ай, туған күнің құтты болсын. Ал, жұлдыздар қайда кеткен?
Ай: Рахмет балалар, бүгін менің туған күнім. Менің достарым жұлдыздар сендерден қорқып, жасырынып қалды. Ол үшін ойын ойнап, тапсырмаларды орындасаңдар жұлдыздар қайта шығады.
1 - тапсырма.
Дидактикалық ойын: «Жұбын тап»
Ертегінің кейіпкерлерін тауып, қай ертегі екенін атайды.
2 - тапсырма.
Санамақ:
3 - тапсырма.
Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап».

Мақсаты: күн мен айдың айырмашылығын айту.

Қимылдық ойын: «Күн мен түн»

4 - тапсырма: "Жұлдыздар" суретін салу.

Таяқшалар арқылы нүкте қоя білу.
Сергіту сәті: "Аяқпенен топ - топ".

Тапсырмаларды орындаған сайын жұлдыздар бір - бірден жарқырап шығады.

Ай рахметін айтып: «Жұлдыздай жарқырап жүріңдер!» - деп, әр балаға түрлі - түсті жұлдыздар береді.

- Зымыранмен.

 

Геометриялық пішіндерден зымыранды құрастырады.
Аспанға саяхат.(көздерін жұмып, ұшып, аспан әлеміне келеді).

 

 

 

 

 

- Жұлдыз, күн, бұлт, ай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегі кейіпкерлерін атап, орындарына реттеп қояды.

Кәусар:

Бір дегенім - баспақ,
Бұзауы жүр бастап.
Екі дегенім - ешкі,
Ешкі қойдан есті.
Үш дегенім - үйрек,
Жем бер, қолға үйрет.
Төрт дегенім - тайлақ,
Тайлақты қой байлап.
Бес дегенім - бие,
Құлынына ие.

Күн мен айдың айырмашылығын айтады.

- Күн күндіз шығады, ал ай түнде шығады.

Жұлдыздар суретін салады.
Қимыл - қозғалыспен орындайды.

Жұлдыздарды қабыл алады.

Рефлекциялық -түзетушілік

"Жұлдыздар" өлеңі.
Жұлдыз көкте мүлде көп,
Жарқырайды түнде кеп.
Қызығамыз, қараймыз,
Кереметке балаймыз.
Бірақ әлі баламыз,
Өссек, ұшып барамыз.
Зымыранға мініп оралу.

Жұлдыз өлеңін бірге қайталайды.

 

 

 

Зымыранға мініп, топқа қайтады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Аспан әлемі туралы, олардың ерекшеліктерін білу.

Игеруі: Аспанға саяхат жөнінде балалардың түсінігінің болуы.

Меңгеруі: Берілген тапсырмаларды орындап,сұрақтарға толық жауап беру.

 

Тәрбиеші: Ерғалиева Ә.М.