04 Қар 2020
Жаңалықтар

Ақпараттар әлеміне саяхат.

Тобы: «Ақ гүлдер» ортаңғы тобы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Ақпараттар әлеміне саяхат.

Мақсаты: Қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын жетілдіру. Балаларға ақпарат құралдары туралы түсінік беру,оның адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Балалардың сөздік қорын тұрмыстық ақпарат құралдарын атауларымен байыту. Тілін,сөздік қорын дамыту. Өзін және өзгелерді сыйлауға,өз ойын жеткізе білуге,шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: ғаламтор,теледидар, ақпарат,телефон.

Көрнекіліктер:теледидар,телефон,компьютер, пошта.

Билингвистикалық компонент: ақпарат – информация,теледидар – телевизор,интернет – ғаламтор.

Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, диалог, тақпақ, сұрақ – жауап, көрсету, сергіту сәті.

 

 

Әрекет кезеңі

 

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жартылай шеңберге жиналып тұру.

-         Сәлеметсіңдерме балалар?

-         Көңіл – күйлерін қалай?

-         Бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болғалы тұр, қараңдаршы бізге қонақтар келіпті.

-         Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырғым келіп тұр?

-         Жұмбақтың шешуін таба аламыз ба? Ендеше тыңдаңыздар.

 

Жұмбақ жасыру:

1.     Кино менен концертті,

Үйде қойып беремін.

Жаңалығын бар елдің,

Өз көзімен көремін.

2.     Бар нәрсеге жетік,

Миы күшті тетік.

Ол арқылы сөйлесіп,

Кетесің шетелге де өтіп.

3.     Жылдам барып қайтады,

Не айтсам соны айтады.

Жатырқамайды ешкімді,

Бекер деп кім айтады?

-         Балалар мен сендермен «Сымсыз телефон» ойынын ойнағым кеп отыр. Ойнаймызба?

«Сымсыз телефон» ойыны.

Ойынның мақсаты:

Ойында ой-танымын кеңейту. 
Ойынның шарты: Ойынға қатысушылар жартылай шеңбер жасап отырады. Ойын жүргізуші бірінші отырған ойыншының құлағына сыбырлап бір сөз айтады. Ол сөзді естіген ойыншыға сыбырлап екінші ойыншыға айтады. Осылайша барлық ойыншы сөзді сыбырлау арқылы естігенне кейін соңғы ойыншыдан бастап, қандай сөз естігені сұралады. Сөз қай жерде дұрыс айтылмаса, сол жерден телефон сымы үзілген деп есептеліп, үзген бала ойыннан шығарылады. 

 

Балалар жарты шеңберге жиналады.

-         Керемет, өте жақсы.

Балалар қызығушылық артады.

Қонақтармен амандасады.

-         Сәлеметсіздерме апайлар!

-         Әрине шешуін табамыз.

 

 

 

 

 

-         Теледидар

 

 

 

-         Компьютер

 

 

 

-         Телефон

Балалар ойынды қуана келісе ойнайды.

Іздену

ұйымдастырушы кезең

 

Әңгімелесу

-  Ақпарат құралдары  – дегеніміз не?

- Жаңалықты қайдан естиміз ?

 - Ақпарат, яғни информация: түссіндіру, баяндау, хабар ету дегенді білдіреді. Адамдар бір-бірімен телефон арқылы сөйлесу, теледидар көру, газет-журнал оқу, я болмаса компьютерді қолдану арқылы ақпарат алады.

-Компьютер не үшін қажет?

- Жаңасөздердіқайталапайтыпшығайық: компьютер, ақпарат, интернент.

- Ендеше балалар осы теледидар, компьютер, телефон дегеніміз ол ақпарат құрылғылары.Бүгін біз осылармен таныс боламыз. 

-         Енді біздер орталықтырға барамыз, саяхат жасаймыз.

-         Ендеше музыка әуенімен қатарласа жүрейік.

 

Теледидар орталығына келу.

-         Балалар, біздер теледидардан «Бабалар сөзін» тыңдадық. Бабалардан естіген, білген қандай мақал – мәтел білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті. Музыка арқылы қимыл – қозғалыстар орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыка әуенімен қатарласа жүріп, «Компьютер» орталығына келу.

-         Міне, балалар келесі орталыққа жеттік.

-         Бұл орталықта нелерді көріп тұрмыз?

-         Балалар, компьютерден ғаламтор арқылы біздер «Балапан» бағдарламасын қосып, көре аламыз.

-         Ал балалар сендер «Айгөлек» бағдарламасын жақсы көресіңдер ма?

-         Өзіміздің ертеңгіліктерімзді айтылған әндерімізді, билерімізді, ертегі қойылымдарын  ғаламтор көре аламыз.

-         Балалар флэшкаға бейнероликтермізді жүктеу арқылы теледидарға қосып көре аламыз.

 

Пошта орталығы:

-         Балалар міне пошта орталығына келдік.

-         Бұл орталықта не көріп тұрмыз.

-         Алыс жерлерден хабарламалар келеді.

-         Осы пошта арқылы ақпараттар аламыз.

-         Ал кім «Балапан» журналынан ертегілер біледі?

-         Ал кім тағы тақпақтар біледі?

 

 

 

«Ұялы телефон» орталығы.

-         Балалар телефон бізге не үшін керек?

-         Кімдерге хабарласамыз?

-         Телефонмен кімдермен сөйлесеміз?

-         Телефонмен мерекелерімізге шақыра аламызба?

Диалогті сөйлесу.

 

 

 

 

-         Иә, саяхатта

-          Жаңалық, хабарлама.

-         Теледидардан, радиодан,

-         адамдардардан, телефоннан, компьютерден, интернеттен.

 

 

 Ойынойнаймыз.

- Мультфильм, кино көреміз.

- Біз Алматыда оқудағы әкпеммен бір-бірімізді көріп сөйлесеміз.

 

Балалар қатарласа тұрып, саяхатқа шығады.

Теледидар орталығына келеді.

Әсия: Жүргізуші сөзі:

Құрметті балақайлар, сіздердің назарларыңызда «Балапан» бағдарламасы. Сіздермен бірге мен жүргізуші Әсия Жасұланқызы. Кел балалар, бәріміз «Бабалар сөзін» үйренейік.

1.Еңбек етсен ерінбей,

Тояды қарнын тіленбей.

2. Кең тозбайды,

Кеңескен азбайды.

-         Ал сендер мақал – мәтел білесіңдерма?

-         Көріскеңше сау болыңдар!

Алдияр:

Жаманнан жирен,

Жақсыдан үйрен.

Аягөз:

Ағадан ақыл,

Атадан нақыл.

Ақерке О:

Күлме досыңа,

Келер басыңа.

Нұрай:

Жартыны жарып жеген,

Татулықтың белгісі.

Саида:

Дәнді шашпа,

Нанды баспа.

Гүлназ:

Ат адамның қанаты,

Ас адамның қуаты.

Қатарласа компьютер орталығына келеді.

-         Компьютер, планшет, флэшка

 

 

 

 

 

 

 

-         Иә, жақсы көреміз.

 

 

 

Балалар компьтерде ғаламтор  арқылы бейнероликтерді қалай жүктелгендігі жөнінде ақпарат алады.

Бейнероликтерді тамашалайды.

 

 

-         Журнал-газет,хат, ашық хаттар, балалар журналдары.

 

 

 

Бақдаулет: «Бауырсақ» ертегісін айтып береді.

Саида:

-         Мен «Балапан» журналын жақсы көремін, өзіме ұнайтын күз туралы тақпағымды айтып берейін.

Күншуаққа маужырап, Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Әй, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші тамаша,

Аунар ма еді жатып ап!

Ақерке:

Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.

Іңкәр:

-         Мен «Балдырған» журналын жақсы көремін. Тәуелсіздік туралы тақпақ үйрендім.

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада – аспан әлемі.

Құт,береке – шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанаты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-         Сөйлесу үшін керек?

-         Хабарлама жіберу үшін керек.

-         Телефон арқылы шақырамыз.

-         Алыстағы жақындарымзбен сөйлесеміз.

1 – диалог.

Үміт:

-         Сәлем Бақдаулет. Ертең менің туған күнім. Мен сені туған күніме шақырамын.

Бақдаулет:

-         Салем Үміт. Иә, жарайды. Рахмет. Мен келемін.

2 – диалог.

Бақытжан:

-         Сәлеметсіңбе Нұрай. Сенің қолын боспа?

Нұрай:

-         Сәлеметсіңбе Бақытжан. Иә, менің қолым бос.

Бақытжан:

-         Бүгін екеуміз саябаққа серуенге барайық.

Нұрай:

-         Мен саябақта қыдырғанды жақсы көремін. Міндетті түрде барамын. Кездескенше.

Рефлексивті түзету

-         Қандай орталықтарға бардық?

-         Олардың пайдасы қандай?

-Хабарды, жаңалықты қалай жылдам жеткізуге болады?

Компьютер туралы тақпақпен аяқтау.

Компьютердің пайдасын,

Пайдалана біл, күнім.

Игі ісатерге жұмсайтын,

Керек саған ол білім.

-         Теледидар, компьютер, пошта, ұялы телефон орталықтарына бардық.

-         Олардан хабарлама, жаңалықтар, пайдалы ақпараттар аламыз.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Ақпарат құралдары туралы білу керек.

Қолдануы:Белсенді, достарара ынтымақты болуы.

Түсінуі: Өз ойларын ашық,нақты жеткізуге үйрену керек.