04 Қар 2020
Жаңалықтар

«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» ертеңгілігі

Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Мақсаты:  Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

«Ақ гүлдер» мен «Ботақан» ортаңғы тобы балалар «Алға Қазақстан» ән ырғағымен қолдарында жалаумен залға кіреді. 


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Мерекеміз  құтты болсын! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!


Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады.


«Әнұран».


Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі Тәуелсіздік еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы. 
Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық.


Балалар тақпағы.


Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй! – деп, Абай атамыз айтқандай


Ән: «Ел қорғауға әзірміз»


Жүргізуші:Балалар желтоқсан оқиғасы біздің тарихымыз. Бостандыққа қолы жеткен бүгінгі қазақ бабаларынан қалған бай мұрасының бірі туған жерінің туын жоғары көтергені. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. Осы қанды оқиғада ерлікпен қаза тапқан  Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова апа – ағаларымызды еске алайық.(1 – минуттық үнсіздік жариялайық).


Слайд: Желтоқсан оқиғасы.


Жүргізуші: Өз халқының намысы үшін осындай қан төгіс оқиға болған.
Осыдан 26 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. 
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. 
Бас алаңда ел жосқан, 
Жастар қаны жуған түн. 
16 желтоқсан- 
Тәуелсіздік туған күн! 


Ән: «Балдырғандар».Тәуелсіз елдің ұланы Жүргізуші:
Туған жерім, теңдесі жоқ мекенім!
Қазір де мен қадіріңе жетемін.
Қуанамын әр гүлденген гүліңе,
Сен тұрғанда керек емес өзге елдің.
Би: «Ақ көгершін». Ақ гүлдер ортаңғы тобының қыздардың орындауында.


Жүргізуші: -Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. 
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. 


Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады) 


Балалар тақпағы. Биле,  жастық, биле, биле, биле сен.
Көрермендер көңіл-күйін көтер сен.
Тәуелсіздік тойын  тойлап баршамыз,
Дүр  сілкіндір сахнамыздың  төрін  сен, Би: «Флешмоб» Ботақан ортаңғы тобының ұлдарының орындауында. Жүргізуші: Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле  Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде Қарқындайды қариялар қашанда Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде Тәуелсіз еліміздің арайлап атқан әр таңы тек қуаныш пен жақсылыққа толы болсын. Тәуелсіз мемлекетімізге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар! Карта «Тілек картасы». Еліміз тыныш болсын!    Күніміз жарқын болсын! Аспанымыз ашық болсын! Бейбітшілік ел болайық! Қыран құстай самғайық!Жеріміз гүлдене берсін! Барлық балалар алақандарын қойып: Тәуелсіз еліміз жайнай берсін! Жүргізуші: Бейбі күн – тыныштық Біз үшін тым ыстық Тыныштық тұтқасы – Жер – Ана, бағымыз Туыстық сәні – біз Тыныштық әнін біз Шырқаймыз бәріміз. Ән: «Тәуелсіз елдің ұланы» Жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.
Осымен құрметті қонақтар ортаңғы тобының дайындаған «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» атты ертеңгілігіміз аяқталды.


Құттықтау сөз кезегін ұсыну.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!