04 Қар 2020
Жаңалықтар

Біздің кішкентай көмекшілеріміз.

 «Балапан» ІІ кіші топ тәрбиешісі:  Утеулиева Жанар Жұмайқызы

 

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Біздің кішкентай көмекшілеріміз.

Мақсаты: Заттарды топтастыруға,оларды атай білуге(ыдыс-аяқтар қасық, шанышқы,кесе, тостаған т.б) үйрену және сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын дамыту.Үлкенге ізеттілік көрсетуге.кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер,ойыншық ыдыстар,слайд, дидактикалық ойындар.

Сөздік жұмыс: Ыдыс-аяқ,шанышқы, пышақ.

Шаттық  шеңбер.

 -Қайырлы таң балалар ! Бүгін күн қандай керемет !Кәне, барлығымыз бір-бірімізге жылы,көтеріңкі көңіл сыйлайық!

             Дос болайық, бәріміз,

             Жарасып тұр әніміз,

             Тыныштықты сақтаймыз,

             Атсын күліп таңымыз,

Тосын Сый:  Экраннан Аспаз мектебі бағдарламасының  басталу әуенімен жарнамасын көрсетіп балалардың назарын аудару.

Аспаздың кішкентай көмекшілері туралы әңгімелеп, сұрақтар қояды .

-Балалар ас ішетін орынды қалай атаймыз?(Слайд арқылы көрсету).

-Ас бөлмесінде қандай заттар болады?

-Балалар ас ішерде дастарқанды кім дайындайды?

Балалар сендер мамаларыңа көмектесесіңдерме.

Ендеше ас болмесіне анасына қалай көмектесетінін көрейік.

Ас болмесі талапқа сай жасақталған 4-5 бала  ас бөлмесінде үстелді дайындауға көмектеседі.

 

1.Бала   -   жемістерді жуады.

2.Бала   -   көкөністерді турайды.

3.Бала   -   нанды ыдысқа салады.

4.Бала   -   үстелді дайындайды.

5.Бала   -  ас бөлмесін тазалайды.

 

 

-Өте жақсы балалар біздің кішкентай көмекшілеріміз өз тапсырмаларын орындады.

Сендер де осылай үйде мамаларымызға көмектесіп жүрейік.

 

 

Тәрбиеші:  Кесе шыны, пиала

                    Оларсыз шай құяма?

                    Қасықсыз тамақ жемейді.

                      Бәрінің атын недейді.

                                              (Ыдыстар)        

                                                                         

Ал балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

 

                 1.Өткір жүзді келеді,

                    Өте қажет құрал ол

                    Тұтас затты бөледі,

                     Ұсақтап та турар мол.

                                                   (Пышақ)

 

  1. Сабы бар,

                     Басы шатыр.

                     Табысын өлшеп әкеп,

                     Құдыққа тасып жатыр

                                                    (Қасық)

 

  1. Будақ-будақ ақ бұлттың тарауын ай,

          Пысылдайды сйырдың танауындай.

       (Шайнек)

 

-Балалар қасық,пышақ, шайнек, кесе, шанышқы , тостаған-ыдыс-аяқтарға жатады.

- Балалар  ыдыс-аяқтар туралы кім тақпақтар айтады.

 

1-Бала         Ыдысты біз  жинаймыз     

                 Үлкендерді  силаймыз.

                    Кесе,қасық  бәрінде

                     Өз орнына  қоямыз.

 

2-Бала           Бәрі  бар  бақшада

                      Ойын болме асхана

                      Орындықта тақтада

                      Заттар да көп басқада.

 

3-Бала            Апам ыдыс жуады

                      Мінезі оның биязы.

                      Ол барда жайнап тұрады

                      Барлық үйдің жиһазы.

 

Дидактикалық ойын « Заттардың бөліктерін ата ?»

Мақсаты :экраннан ыдыстың жарты бөлігін

   көрсетіп,таба білуге үйрету.

Сергіту сәт:  «Мен  кішкентай  шәйнекпін»

 

Дыбыстық жаттығулар.

    Ал балалар тіл жаттығу дыбыстарын жасап көрейік.

    Ақ-ақ-ақ

    Қандай үлкен табақ.

    Шақ-шақ-шақ

    Өткір пышақ.

     Се-се-се

    Шәй ішетінкесе.

     Ман-ман-ман

    Су құятын құман.

Тәрбиеші:  -Бүгін біз кішкентай көмекші ретінде қайда бардық?

  • Аспаз бөлмесінде.
  • Үлкендерге қандай құрал жабдықтармен көмек бердік?
  • Жеміс-жидектерді тазалап жуу, нанды кесіп, ыдысқа салдық, үстел үстінде ыдыстарды орналастырып, сулықтарды қойдық т.б
  • Ас бөлмесінде қандай ыдыс-аяқтар болады?
  • Тарелке, қасық шанышқы, шыныаяқ,табақ. Т.б

 

Балалардың оқу қыметінде белсенділік көрсеткен балаларды мадақтап, сабақты аяқтау.