04 Қар 2020
Жаңалықтар

«Көпіршіктер құпиясы.»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

№32 «Мөлдір» балабақшасының  «Ботақан» ортаңғы топ тәрбиешісі

Дюсенбаева Айнаш Аманқызы

 

Б.С «Коммуникация»

Ұ.О. Қ  Сөйлеуді  дамыту.

Сабақтың  тақырыбы: «Көпіршіктер  құпиясы.»

Мақсаты:Сабақ барысында балалардың сөздік  қорын байыту,ойлау қабілетін дамыту.

Тәжірибе жасау арқылы сабын көпіршіктері туралы түсініктерін кеңейту.Табиғат сырларын танып,білуге баулу. Зерттеу әрекеттерін құралдарды ұқыптылықпен ұстау дағдыларын қалыптастыру.Зерттеу барысында  балалардың сөздік  қорын молайту,өз ойларын толық еркін жеткізе білуге баулу.Тәжірибе көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге дағдыландыру.Достық қарым-қатынастарын қалыптастыру.

Түрі: Ашықсабақ.

 

Әдіс-тәсілі: Практикалық (тәжірибе-ойын, ойын-эксперимент)

 

Көрнекі   құралдар: Слайд ,тәжірибе  жасауға  арналған  құралдар ,сұйық  сабын ,  дид/ойынға  арналған  суреттер. (Бала  санына  байланысты)

 

Сөздік жұмыс: тәжірибе, зерттеушілер.

 

Билингвальды  компонент: Зертхана-лабаратория, сабын- мыло, көпіршіктер- пузыри,

 

Шаттық шеңбер.

Шақырамын  сендерді ,

Жолдастарым  кел  бері.

Толтырайық  шаттыққа

Дөңгеленген  шеңберді.

Достарымның  барлығын  ,

Сыйлап  жақсы  көремін

Алақаным  арқылы,

Жылуымды  беремін.

Үш  тілде  амандасу.

 

 

Ұйымдастырушы қозғаушы қызметі.

 

Тосын  сәт:

 

Топқа  алма  келеді: жыламсыраған  күйде.

Балалар  мені  таныдыңыздарма?

Балалар  жауабы :  Ия таныдық .Сен  алмасың. Бірақ  түрің  не  болып  кеткен?

Алма:  Балалар  мен  байқамай  жүріп  шелектегі  суға  түсіп  кеттім. Әрі-бері  шығамын  деп  қозғалып  едім. Суым  көпіршектеніп  кетті.Қатты  қорқып  кеттім.Түсінбей  тұрмын.

 

Тәрбиеші:

Балалар  кәне  ойланайықшы.

 

Ендеше  мен  сендерге  жұмбақ  жасырайын ,мұқият  тыңдаңыздар.

 

Дымқылдап  күнде  сен ,

Қолыңа  сүйкейсің.

Кетіп  кір, ласың

Тап-таза  боласың.

 

Кір  киімді  қалайды
Өзі  кірді  жалайды.

Суға  түссе  шомылып.

Дақты  жояр  талайғы.

 

Балалар  жауабы: Сабын.

 

Балалар  мұның  неден  болғанын  анықтап ,алмаға  көмектесейік.

Ол  үшін  арнайы  зерттейтін  орынға  барып  анықтаймыз.

 

Тәрбиеші  :Зертханаға  барар  алдындағы    балаларды 

қауіпсіздікережесімен  таныстыру.

 

-Үлкеннің  рұқсатынсыз орыныңнан  тұрып жүруге,

-Құрал-жабдықтарды ұстауға,

-Ауыз бен құлаққа бөгде заттар салуға болмайды,

-Ол үшін біз сендермен тәжірибе сабағың өткіеміз.

(Балаларға тәжірибе сабағың өткізу үшін,арнайы киімдер кигізу)

 

Зертханаға  бару.

 

 

Сабын  туралы  слайд  көрсету.

 

Дыбыстық  жаттығу.

 

Ү-ү-ү  - жұп-жұмсақ  сүлгі.

Са-са-са-  сабын  екен аса.

Та-та-та –тарақ  керек  әрқашан.

 

Сабын,   тазалық  туралы   балалар  тақпақтары.

 

Мыло  бывает,                  Сылдырлайды мөлдір су,

Разным-разным.                Мөлдір суға бетін жу.

Синим                                Жуынсаң сен әрдайым,

Зеленым                             Аппақ бетің, маңдайың.

Оранжевым.

Красным.                              Жұмсақтығы мамықтай,

Но  я  не  пойму,                  Сүртінесің жалықпай.

Отчего  же  всегда.              Тазалықтың досы,

Черной  и  черной,               Сүлгі-деген осы.

Бывает  вода.

 

Сабындаған кезінде,             Тазалықты іздесең,

Ашытады көзіңді.                  Шампунь,сүлгі, керегі.

Бола білсең төзімді,               Бірі жуып шашыңды,

Тап-таза етер өзіңді.              Бірі сүртіп береді.

Тазалықтың досы,

Сабын-деген осы.

 

Сөздікжұмыс:   Зертхана ,тәжірибе .

Зертхана -әрбір  затты  зерттеп  пайдалы-зиян ,құрамы ,қасиетін  анықтайтын  жер.

Тәжірибе   жасау  арқылы  соны  анықтаймыз.

 

 Тәжірибе: «Көпіршік  қалай  пайда  болады?».

 

 

 

Жаңағы алма түсіп кеткен,ыдыстағы суда неден көпіршік пайда болғанын анықтап көрейік.

Ыдыстағы  суға  сұйық  сабын  араластырып  ,түтікше  арқылы  үрлеу.

Көпіршіктің  пайда  болуын  бақылау.

 

-Мынау не?

 

-Түсі, қандай?

 

-Көпіршік ауыр ма,әлде жеңіл ме?

 

-Мына көпіршіктердің ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

 

-Ия,дұрыс айтасыңдар,балалар.

-Мәссаған, мына судың түбіне сабын түсіп кетіпті.Осы сабынның суға түсуінен көпіршіктер пайда болған екен ғой!

 

Мнемо  кесте.

  1. Сабынмен қол жуамыз.
  2. Сабынмен адамдар жуынады.

3.Сабындар көпіршіктенеді.

 

Дид/ойын: «Тазалық   үшін  не  қажет ?»

Мақсаты:Балалардың  іс-тәжірибеден  кейін  , ойлау ,есте  сақтау  қабілеттерін  арттыру.Қажет  құралдарды  қарындашпен  дөңгелектеу және  не  үшін  керек  екенін  түсіндіру.

 

Сергітусәті:« Аю,аю тұршы» .

Балалар  сергіп  қалдыңдарма?

 

Балалар  сендерге  зерттеу  сабағы  ұнады  ма?

Сұрақ-жауап  арқылы  балалардың  алған  әсерлері  туралы  қортындылау.

Мадақтау.