04 Қар 2020
Жаңалықтар

"Жол белгілер еліне саяхат"

 

№32  "Мөлдір" балабақшасы.

Тақырыбы:      "Жол белгілері еліне саяхат."


Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Көлік  түрлерімен таныстырып,көліктер  туралы білімдерін одан әрі жетілдіру.
Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын  қалыптастыру.  Балаларды  зейінді,епті  болуға  тәрбиелеу. Жолда жүру ережелерін меңгерту.

Тәрбиеші:  

 

            Шуақты өміріміз күндей куліп, 
            Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт,
            Арманға сапар тарту мүмкін емес,
            Жол жүру ережесін білмей тұрып-дегендей
-  Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек. Құрметті           балалар!  "Жол белгілері  еліне саяхат" атты ойын-сауық  шарамызға қош келдіңдер.  

                                                                                                                                                              

 Көңілді  музыка әуенімен  залға   Саяхатшы  Дара   келеді.

Саяхатшы  Дара :Қайырлы күн  достар.Сендер  мені  таныдыңдар   ма?

Балалар: Ия,таныдық  Саяхатшы   Дара.

Тәрбиеші: Қош  келдің  Саяхатшы  Дара.Сен өзің  мұнтаздай  болып  киініп қайда бара жатырсың?

Саяхатшы  Дара:Мен  "Жол  белгілер еліне " саяхатқа бара  жатырмын.

 Тәрбиеші: Балалар  бізде Дара мен  бірге  жол белгілеріне еліне  саяхатқа барамыз  ба?

 

 

Балалар : Саяхатқа барамыз.

 

 

 

Тәрбиеші: Алдымен  жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.
        (кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)

 

 

Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам!
                      Бар әдемі үш көзім,
                      Алдамаймын, аңғарсаң,
                      Ақылдымын тіпті өзім.

 

 

 

Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде
                             Үшбұрыш боп тұрамын
                             Қателеспес үшін де,
                             Көз сал маған, шырағым!
                             Құрар үйде сауықты,
                             Жолдан аман келсе адам-
                             Жолда күткен қауіпті
                             Ескертемін мен оған.    

 

 

Тыйым салу    Болмау үшін қиын күн,
белгісі:              Қажеті бар тыйымның.
                           Қызыл шеңбер ішінен
                           «Болмайды!» деп бұйырдым.
                           Тұрады әркез сапта аман-
                           Сол тыйымды сақтаған.
                          Тыйым көрсең, тұра қал-
                            Әрі қарай аттама!

 

Анықтама        Түнде, күндіз, кеште де
белгісі:              Жөн сілтеймін жолға сай-
                           Аңғармайсың ештеңе
                           Анықтама болмаса.
                           Ой-шұңқырды алдағы,
                            Қалай өту керегін,
                            Жылдамдықты, ал, кәне,
                            Анық айтып берейін!

 

 

Көрсеткіш          Жол созылмақ қаншаға,
белгісі:                Қайда асхана, монша бар,
                            Қонақүй бар қай жерде,
                            Қайда музей, қай көрме...-
                            Көрсетемін саған дәл,
                            Не көрсетсем, соған бар!

 

 

Тәрбиеші:  Балалар   жол  белгілері  туралы    көптеген мағұлматтарды  алдын  ала  біліп алдық.      

 

 

Саяхатшы          Дарамен бірге  саяхатқа шығайық.   

 

(барлығы  жол дорбаларын   арқалап  жолға шығады).

(жолда велосипед  жүргізіп  келе жатқан   Қалқанқұлақ  кездеседі).

 

 

  Жол  сақшысы:      Қалқанқұлақ  Жолдан дұрыс өтпей барлық ережелерді бұздың, машина қағып кете жаздады. Сен жол   ережесін  білмейді  екенсің

-.Балалар сендер, жол ережесін білесіңдер ме?

 

 

Балалар : - Ия , білеміз.

Жол   сақшысы: -Ендеше Қалқанқұлаққа үйретіңдерші , ал Қалқанқұлақ жол ережесін үйренбей мен саған велосипедіңді бермеймін.

 

 

Тәрбиеші:

 - Қалқанқұлақ ,сен ренжіме біздің балалар саған жол ережесін айтып түсіндіреді,сен жол ережесін үйрен  ал. 

 Қалқанқұлақ: -Жарайды,балалар мен жол ережесін үйренуге дайынмын.

 

Тәрбиеші:Балалар байқадыңдар ма, мына жерде қандай белгі тұр?        

                                                         

Балалар: «Велосипед тебуге болмайды!»-деген белгі.

 

Тәрбиеші: Дұрыс  айтасыңдар,  ал Қалқанқұлақ    болса   велосипед   тебуге  болмайтын    жол     белгісі     қойылған  жерден өтіп , Жол  сақшысынан ескерту  алды.

 

 Тәрбиеші:                  Балалар  мынау қандай жол  белгісі не?

 

Балалар:Бағдаршам  (осы  кезде  машиналардың сигнал дауыстары естіледі)    

 

Тәрбиеші: бағдаршам   жанында кептелісте  тұрған   көліктер бір-біріне жол бермей  жатырғанға ұқсайды  тезірек  жандарына барайық.

 

Тәрбиеші  Мынау  қандай көлік түрлері   есімізге түсірейікші?

 

Балалар:  Автобус,жедел  жәрдем,жеңіл  машина.

 

Автобус: Менің  міндетім жолаушыларды  баратын  жеріне уақытында жеткізу, сондықтан бірінші  болып  мен жүремін .

 

Жедел  жәрдем:Науқас  адамдарға тез  жетіп ,жедел жәрдем  беру үшін  мен алдымен жүруім  керек.

 

Жеңіл  машина:Мен өзімнің атыма  сай жеңіл жүрем ,кез  келген жерден  шапшаң өтемін.Құр  айтысқаннан пайда жоқ,сендер  мені жіберіңдер.  

 

 

 

Жол  сақшысы   : Жол  ережесін  мұқият  үйреніп  велосипедіңді қайтарып аласың.

 

 

Тәрбиеші:Алдымен  қай көлікті жіберуіміз  керек?

 

Балалар: Жедел  жәрдем  көлігін,одан  соң  автобусты, содан  соң  жеңіл  көлікті.

 

Жүргізушілер: Балалар  ақыл-кеңестеріңе рахмет.  Сендер  болмағанда  көп уақытымызды    жоғалтып  осылай  келісе  алмай   жол  кептелісінде  тұра беруші    едік.

Мақсаты: Шапшаңдыққа ,ептілікке,зейінділікке  тәрбиешінің берген белгсін  түсініп орындауға үйрету.

 

Ойын  шарты:

 

Бағдаршамның "қызыл"  көзі  жаңғанда    бір  адым  артқа  жылжып алақандарын    шапалақтайды,"сары" көзі жаңанда бір  адым  алға жылжып аятақтарын топылдатады,"жасыл" көзін  жаңғанда   балалар шашыраңқы   жүреді.     

 

"Тоқта" белгісін  көтергенде орнындарына қайтадан   тұрады.Ойын 2-3 рет қайталанады.

 

  Көрініс «Аия мен Әли»


Аия:     Көшеден өтереде әуелі сол жаққа, содан соң оң жағына қарау керек. Әйтпесе, машина басып кетеді.


 Әли: Жоқ, мен оңға да, солға қарамайын. Атам   маған көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.


Аия:       Әли, жайлауға   баратын  жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін? Бағдаршам тек  қала көшел қала көшелерінде болады.


Тәрбиеш: Біз тоқтап, Әлиге  бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек екенін түсіндірейік.  Әлиге сен бері кел. Бағдаршам жоқ кезде мынадай жолақты белгі

салынған  жерден      өту  керек .


Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсың. Жолдың ортасын келгесін, оң жаққа қараймыз. Бұндай белгі бар жерде машиналар жаяуға жол береді.

 

 

Әли: Рахмет, енді түсіндім. .


Аия: Балалар, көмектескендерің үшін сендерге рахмет! Жолдарың болсын

 

Тәрбиеші: Мына балапанға  не болған, бұл неге жылап келе жатыр? Ау, балапан, саған не болған, бетің көгеріп, аяқ-қолың жара болыпты. Біреу ренжітті ме?


балапан :  мені ешкім  ренжіткен  жоқ . Бір машина үстіне  самокат   ойыншықтарын  тиеп кетіп бара жатыр екен. Соның біреуін алып қалайыншы деп, машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп, аяқ-қолымды жаралап алдым.


Тәрбиеші: Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па?

 

Саяхатшы  Дара :Жарайды,кел ғой  жарақатыңды   байлап  берейін.

 

 («Байқа! Балалар!» белгісі көрінеді).

 

ТәрбиешІ: Мынау қандай белгі, балалар?


Балалар: Бұл «байқа, бұл жермен балалар жүреді» деген белгі

 

 ТәрбиешІБастаушы: міне, біздер бақшаға да келіп қалдық. Саяхат ұнады ма сендерге? Бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.