04 Қар 2020
Жаңалықтар

"Алтын күз"ертеңгілігі

 «Алтын күз» ертеңгілігінің сценариийі

 

Залдың іші мерекеге сай безендірілген,балалар  залға «Вальс» әуенімен  вальс билеп  кіреді.

Жүргізуші:

 Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп.

Тойға бөлеп елімді күзім келді,

Нұр  тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Қымбатты балалар!Бүгінгі біздің ойын –сауық кешіміз  «Алтын  күзге»  арналады.Ел байлығын артырған берекелі мол байлығымен күз айы келіп жетті.Күз мерекесі құтты болсын.

Балалар тақпақтары.

Мүслим :

Сарғайды  тоғай,

Сап-сары  маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Аягөз

Күздің  қазан айында

Алма,алмұрт  піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі

Үміт :

Келеді көшіп комбайн,

Алтын дария егінді.

Жинап  маржан бидайын,

Күзіміз  неткен көңілді.

Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз.

Жиіп-теріп болған  соң,

Той жасайды халқымыз.

 

Асия:

Жердің көркі қашады,

Таулардан бұлт асады.

Қайтып күннің қызуы,

Шөпті қырау басады.

Мүлгиді сай-саламыз,

Біздің жомарт даламыз

Дәнін жинап аллған соң,

Жатыр үнсіз сары аңыз.

Іңкәр :

Алтын  нұрға көмеді,

Көшелерді бау-бақты.

Аппақ  мақта үлпілдеп,

Қанарларда жатады.

Қуанысып,жұрт гулеп,

Сан қызыққа батады,

Аяқталсын кезінде

Тиісті іс баршаға.

Мейлі жаңбыр содан соң,

Жаусын қанша жауса да

Сайда:

Күншуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Бақтың іші алаша ,

Аунарма еді жатып ап

Ақерке:

Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді  мен.

Ән «  Күзгі әуен»

Жүргізуші

Ал,балала,балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ  жасырам,

Қулығымды асырам

Таба алсаңдар  шешімін,

Қонағымды ортаға  шақырам.

Жұмбақ.

Жиім-терім болатын

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп  ойлайсың?

Балалар: Күз

Осы  кезде   көңілді әуенмен   «Күз  ханшайымы» келеді.

Күз  ханшайымы:

Ерінбестен  еңбек етіп келетін,

Еңбекшіге  бар жемісін беретін.

Мен мырза күз ынтымақты еліме,

Берекелі ырыс болып енетін

-Сәлематсыңдар  ма,балалар. Мерекелерің құтты болсын! Берекелі байлығы мол жомарт күз  мен боламын.

Жүргізуші:

Жапқандай жапырағы іздерді,

Қуантып байлығымен ізгі елді.

Бір тойдырып қайту үшін елімді,

Сабырлы сары алтын  күз  келді.

Қош  келдің  Күз ханшайымы! Төрлет! Бүгінгі  мерекемізді бірге тойлап көңілімізді бірге көтерейік.

Күз  ханшайымы :

Менің   сары  алтындай жапырақтарым қайда ,ортаға шақырайын.

«Жапырақтар» биі

Көрініс «Шалқан» ертегісі. Ерте, ерте, ертеде. Бір атай мен әжей өмір сүріпті. Атай үй алдындағы бақшаға шалқан егіпті. Шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанға тамсана қарап, оны тарта бастайды

 

Атай:Шалқан  қандай тамаша,

Биік болып тұр  қараса.

Жерден  суырып алайын,

Үйге қуанып   қайтайын Атай  шалқанды жерден суыра алмайды.Көмекке  кемпірін  шақырады.

Әжей:  Атасы  менен  қандай  көмек  керек?

Атай:Шалқанды жерден суырып алайық.

Әжей:Қандай қиын іс болды,

Шалқанды суыру күш болды.,

Көмекке қызымды шақырайын,

Шалқанды жерден суырып алайын

Олар  көмекке немере  қызын шақырады.

Қыз:әндетіп  жігіріп келеді

Жүгіріп  келем,жүгіріп  келем,

Қолымнан  келсе  көмектесем.

Ардақты атам,асыл әжем  менен  қандай  көмек  керек.

Әжей:Шалқанды жерден суырып алайық бізге көмектес.

Қыз  жарайды көмектесейін.

Олар  көмекке итті  шақырады.

Ит:  Менің  қандай көмегім  керек.

Барлығы  :Шалқанды жерден суырып алайық.

Ит  Мысықты шақырады.

Мысық:

 Ұйықтап  жатыр едім  пырылдап,

Неге ояттыңдар  айқайлап

Барлығы Шалқанды жерден суырып алайық.:

Мысық   Тышқанды көмекке  шақырады.

Тышқан: Пип-пип Менен  қандай көмек  керек.

Барлығы Шалқанды жерден суырып алайық

Тышқан : жарайды көмектесейін

Барлығы  шалқанды жерден суырып алып мақал айтады.

"Бірлік  түбі  тірлік"

 

«Алтын күз» ертеңгілігінің сценариийі

 

Залдың іші мерекеге сай безендірілген,балалар  залға «Вальс» әуенімен  вальс билеп  кіреді.

Жүргізуші:

 Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп.

Тойға бөлеп елімді күзім келді,

Нұр  тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Қымбатты балалар!Бүгінгі біздің ойын –сауық кешіміз  «Алтын  күзге»  арналады.Ел байлығын артырған берекелі мол байлығымен күз айы келіп жетті.Күз мерекесі құтты болсын.

Балалар тақпақтары.

Мүслим :

Сарғайды  тоғай,

Сап-сары  маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Аягөз

Күздің  қазан айында

Алма,алмұрт  піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі

Үміт :

Келеді көшіп комбайн,

Алтын дария егінді.

Жинап  маржан бидайын,

Күзіміз  неткен көңілді.

Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз.

Жиіп-теріп болған  соң,

Той жасайды халқымыз.

 

Асия:

Жердің көркі қашады,

Таулардан бұлт асады.

Қайтып күннің қызуы,

Шөпті қырау басады.

Мүлгиді сай-саламыз,

Біздің жомарт даламыз

Дәнін жинап аллған соң,

Жатыр үнсіз сары аңыз.

Іңкәр :

Алтын  нұрға көмеді,

Көшелерді бау-бақты.

Аппақ  мақта үлпілдеп,

Қанарларда жатады.

Қуанысып,жұрт гулеп,

Сан қызыққа батады,

Аяқталсын кезінде

Тиісті іс баршаға.

Мейлі жаңбыр содан соң,

Жаусын қанша жауса да

Сайда:

Күншуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Бақтың іші алаша ,

Аунарма еді жатып ап

Ақерке:

Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді  мен.

Ән «  Күзгі әуен»

Жүргізуші

Ал,балала,балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ  жасырам,

Қулығымды асырам

Таба алсаңдар  шешімін,

Қонағымды ортаға  шақырам.

Жұмбақ.

Жиім-терім болатын

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп  ойлайсың?

Балалар: Күз

Осы  кезде   көңілді әуенмен   «Күз  ханшайымы» келеді.

Күз  ханшайымы:

Ерінбестен  еңбек етіп келетін,

Еңбекшіге  бар жемісін беретін.

Мен мырза күз ынтымақты еліме,

Берекелі ырыс болып енетін

-Сәлематсыңдар  ма,балалар. Мерекелерің құтты болсын! Берекелі байлығы мол жомарт күз  мен боламын.

Жүргізуші:

Жапқандай жапырағы іздерді,

Қуантып байлығымен ізгі елді.

Бір тойдырып қайту үшін елімді,

Сабырлы сары алтын  күз  келді.

Қош  келдің  Күз ханшайымы! Төрлет! Бүгінгі  мерекемізді бірге тойлап көңілімізді бірге көтерейік.

Күз  ханшайымы :

Менің   сары  алтындай жапырақтарым қайда ,ортаға шақырайын.

«Жапырақтар» биі

Көрініс «Шалқан» ертегісі. Ерте, ерте, ертеде. Бір атай мен әжей өмір сүріпті. Атай үй алдындағы бақшаға шалқан егіпті. Шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанға тамсана қарап, оны тарта бастайды

 

Атай:Шалқан  қандай тамаша,

Биік болып тұр  қараса.

Жерден  суырып алайын,

Үйге қуанып   қайтайын Атай  шалқанды жерден суыра алмайды.Көмекке  кемпірін  шақырады.

Әжей:  Атасы  менен  қандай  көмек  керек?

Атай:Шалқанды жерден суырып алайық.

Әжей:Қандай қиын іс болды,

Шалқанды суыру күш болды.,

Көмекке қызымды шақырайын,

Шалқанды жерден суырып алайын

Олар  көмекке немере  қызын шақырады.

Қыз:әндетіп  жігіріп келеді

Жүгіріп  келем,жүгіріп  келем,

Қолымнан  келсе  көмектесем.

Ардақты атам,асыл әжем  менен  қандай  көмек  керек.

Әжей:Шалқанды жерден суырып алайық бізге көмектес.

Қыз  жарайды көмектесейін.

Олар  көмекке итті  шақырады.

Ит:  Менің  қандай көмегім  керек.

Барлығы  :Шалқанды жерден суырып алайық.

Ит  Мысықты шақырады.

Мысық:

 Ұйықтап  жатыр едім  пырылдап,

Неге ояттыңдар  айқайлап

Барлығы Шалқанды жерден суырып алайық.:

Мысық   Тышқанды көмекке  шақырады.

Тышқан: Пип-пип Менен  қандай көмек  керек.

Барлығы Шалқанды жерден суырып алайық

Тышқан : жарайды көмектесейін

Барлығы  шалқанды жерден суырып алып мақал айтады.

"Бірлік  түбі  тірлік"

 

 

Мінеки, қараңдар сары алтын ,күз келді!
 Әдемі саңырауқұлақтар гүлденді!

Оларға тимеңдер,жемеңдер,

Саңырауқұлақтар  неткен өнерлі"Саңырауқұлақтар" биі

 

Жемісті мол теретін,

Күз  дос  екен бізбенен.

Бәрін   тауып  беретін,

Жомарт екен күз  деген.

Ән "Күз    жомарт"

Алдияр :

Қарашы,күз келді,  күз  келді ,

Сары алтын жауыпты  іздерді.

Құс біткен   керуен түзеді,

Көңілсіз неткен күзеді.

Дәулет:

Сап-сарығып даланы,

Бояпты ғой күз  деген.

Құстар  қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

 

 

 

"Құстар" биі

соңында  Осы кезде суық    жел   көтеріліп, жапырақтар   ұшып,уілдеген желдің  дыбысы  шығады.Ұшқан  жапырақтар  арасынан домаланған кірпі  шыға келеді.

Кірпі:

-Мен  қайда  келіп қалдым.-а-деп  таңырқанады.

қысқы  азығымды жинап  жүрсем,қатты жел соғып мені домалатып әкетті.

Жүргізуші:

Қош  келдің   Кірпішешен,біздің "Мөлдір" балабақшасының бүлдіршіндері бүгін күз  мерекесін тойлап жатыр,кел төрлет,бізбен бірге көңіл  көтер.

Кірпі:Бәрекелі ,балалар  күз  мерекесі құтты болсын.

Хоровод : "Мен   алманы жақсы көрем"

Кірпі:

Күзгі    бақтағы қонақтар,

Өздеріңе әкелдім,

Күздің  сыйын  көз  тартқан.

Сыйлығын   кірпі ұсынады.

Жүргізуші:Балалар  осымен  «Алтын күз» ертеңгілігіміз  аяқталды.

Құттықтау  сөз  кезегін  жолдау.