04 Қар 2020
Жаңалықтар

«Мақал - сөздің мәйегі»

Жүктеу: Мақал мәтел мәйегі

 

Дөңгелек үстел:    (ата-аналармен)

Тақырыбы:    «Мақал - сөздің мәйегі»

 

 

«Ана  тілін  білмейтін  адам  мәдениетті  адам  санатына  қосылмайды»

                                                                                                              М. Әуезов.

 

Жүргізуші:  Қайырлы  күн!  ата-аналар мен  қонақтар.  Сіздерге  арнап  «Мақал –сөздің мәйегі »  атты  тәрбие сағатымызды  қош келдіңіздер. Сонау ықылым заманна, сан ғасыр бойы халықтың өзімен бірге жасалыпекшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі-мақа-мәтел. Мақал-мәтелдер қай халықтың да жан дүниесінің, мінез бітімінің, тыныс-тіршілігінің айнасы, ол сол халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймайды, оның уақыт озған сайын құны артып, арзымас қазына екеніне толық көз жеткізуімізге болады. Соның бір дәлелі, бүгінгі «Мақал –сөздің мәйегі» атты шарамыз.

Олай болса, бүгінгі шарамыздың мақсаты және жүру барысымен таныстырып өтейін.

Мақсаты:  Ата-аналарды ана  тілінің  қадір - қасиетін  түсіне  білуге шақыру.  Олардың  халқына  деген,  тіліне  деген  сүйіспеншілігін  арттырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыру

 

 Жүру барысы:   5 бөлімнен  тұрады. Әр бөлімнің тақырыпқа сай өз атаулары бар

 

I.Тренинг (Сәлемдесу);

  1. Мақал- сөздің мәйегі мәйегі; (экрандағы сюжетті сурет бойынша мақалды ойлап табу)

III. Тез ойлау(Ұйқасын тап);

IV.Тренинг  (  көңілді би );

VI.Ата-аналардың шығармашылық өнері;

VII.Қорытынды.

Тәрбие сағатына ата-аналар да қатысып отырды.

1 ата-ана

Тәуелсіздігіміздің ең басты белгісі – оның ана тілі. Өзінің ана тілі жоқ ел –мемлекет болып өмір сүре алмайды

2-ата-ана

Дүниедегі барлық халық, ана тілін сақтап қалуға ұмтылады. Кез — келген мемлекет өзінің, ана тілін айрықша қорғайды.

3-ата-ана

Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.

Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.

4-ата-ана

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі

 

 

Жүргізуші:  Құрметті  ата аналар Қазақстан   Республикасының  Конституциясында       «Мемлекеттік  тіл – Қазақстан  халықтарын   біріктіретін  тіл»  деп жарияланған. 

Тіл-ұлттық  белгі,  халықтық  мұра,  дүниетаным  құралы.    Халықтың  тарихта  қалуы  тіліне  байланысты.

Тіл  халықтың  жаны,  сәні,  тұтастай кескін  келбеті,  болмысы.  Қазақ  тілі  дүние  жүзіндегі  ең  бай,  беделді  тіл.

Өткірдің  жүзі,

Кестенің  бізі,

Өрнегін  сендей  сала  алмас,-  деп ұлы  Абай  атамыз  таңырқап,  тағзым  еткен  осы  қасиетті  тіліміз.

 

 

Қорытынды:
– Тіл байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз.
– Тіл біздің ұлттық намысымыз, арымыз, барымыз. Тіл мерейі - ел мерейі.
– Ана тіліміздің мерейі үстем болсын!
Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

Дайындаған:    Психолог    Л.Б.Иматова

Жүргізуші: Саз жетекшісі:   Ф.Рыспаева