04 Қар 2020
Жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігі айлығына байланысты өтілген іс-шара

№32 «Мөлдір» бөбекжай бақшасында «Өрт қауіпсіздігі айлығына байланысты өтілген іс-шара.

 

05 қазан 2018 жыл

 

Тақырыбы:    "Өрт-  тілсіз  жау"


Мақсаты: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін  ұғындыру. Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтындарын көрсете отырып, осы мамандыққа деген құрмет сезімдерін күшейту.
Балалар  көңілді  музыка әуенімен  залда кіреді.Үнтаспадан жүргізушінің дауысы естіледі

Жүргізуші

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,

Білімпаз біздің балалар.

Ойнайықта-күлейік,

 Жұмбақ  шешіп  көрейік.

Тәрбиеші:                                                                                                

-Балалар олай болса жұмбақты мұқият тыңдап шешуін  дұрыс табайық

Жұмбақтар

Жалт-жұлт етеді,
Жалмай-жалмай жұтады.
/От/.
Жаурағанды күлдірер,
Аяғы жоқты жүргізер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер.
/От/.

 Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім,
Жасқанбайтын батыр кім?
/Өрт сөндіруші/

Тәрбиеші:

-Балалар, өрт шыққан  кезде  оны  сөндіретін    маман  иесін  біз кім дейміз  екен?

 Балалар:

-Өрт сөндіруші.

-Тәрбиеші:

-Балалар ,қараңдар ,менің оң қолымдағы  киіп тұрған    өрт сөндірушінің   қолғабы.Ол жай  қолғап емес құпиясы  мен  сыйқырлы   сыры   мол қолғап.

-Сендер     көздеріңді жұмып,оң қолдарыңды алға  созып,алақандарыңды ашып тұрыңдар.

Мен қолымды сендердің алақандарыңа  тигізген  кезде сендер өрт сөндірушіге айналасыңдар.(барлығы өрт сөндірушіге айналады)

-Балалар ,сендер мына  сыйқырлы қолғаптың  сыйқырымен   жас  өрт сөндірушіге  айналдыңдар.

-Алдымен  барлығымыз орнымызға барып  жайғасайық. Осы  мамандықтың  қыр-сырымен  терең  танысып  алайық.

(балалар отырады)

Тәрбиеші:

-Балаларбіздер   от,өрт туралы  білетін   тақпақтарымызды айтайықшы.

 

 

Тақпақтар

Асия.

Өрт  пен түтін айнала,

Қарап  тұрма  жәй ғана.

Тез  хабар  бер 101-ге ,

Уақытты сен байлама.

Гүлназ

Үтікпен  киім  басарда,

Сақтық  керек  сағанда.

Мұқият  бол қашанда,

Үйде  жалғыз  қалғанда.

Бақдәулет

От  жақпа  күйерсің

Өртеніп  жүрерсің .

Сіріңкені ұстасаң,

Бәлеге  сен   түсерсің.        

Үміт

Алыңдар ұғып ,балалар,

Істері  кейде  шалалар.

Шырпы ,оттық электрге

Шама  келсе жоламаңдар.

Медина А

 Оттың  ісі қуырмақ,

 Желдің ісі суырмақ.

Қазір  жанған жалынды,

Алып ұшып  қуалмақ.

 

Тәрбиеші:

Өрт сөндірушілер  өзінің туған  жерін,елін,   өрт  қауіпсіздігінен  қорғай   алатын қандай  қиыншылық болсада  жасқанбайтын,тайсалмайтын батыл  болуы  керек.

-Балалар сендер өз Отандарыңды  өрт  тағыда  басқа  қауіпті  жағдайлардан қорғайтын  Егеменді Тәуелсіз  еліміздің   болашақ   ұланысыңдар. 

Ән: "  Тәуелсіз  елдің ұланы"

Тәрбиеші:

От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От өмірдің сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Біздің ата - бабаларымыз шөбі көп жерді, отты жер деп бекер айтпаған. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған. Тұратын үйін -
отау, үй иесін - отағасы деп атаған. «Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ:
Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өрттің шығу себептеріне тоқталайық. Өрттің шығу себептері туралы білгілерің келсе мына видео сюжетке назар аударайық.

(видео  ролик  тақпақпен айтылатын ).

 

Видео сюжет: «Өрт қауіпсіздік шаралары»


Сахнада:  Орман  бейнеленген.  Орман  ортасында ешкінің үйі. Көңілді музыка ырғағымен   Қасқыр  келеді.

Қасқыр:Күз болды,күн  салқындады.Мен болсам  тоңып  жаурап барам.

Орманға   мына сіреңкемен от  жағып,біраз  жылынып алайын-деп қалтасына  сіріңке  жағады.

(ормандағы түтінді көріп  ешкі маңырап жүгіріп залға кіреді)

Ешкі :Өрт  шықты үйім  жанып,лақтарым өртте  қалатын болды ,көмектесіңдер -деп айқайлайды. (осы  кезде өртеніп  жатқан үйден лақ  шығады)

Лағы:  Анашым мен  101-нөмеріне  телефон  шалып өрт  сөндірушілерді шақырайын.

(ұялы  телефонын  алып өрт  сөндірушілерді шақырады)

-  Алло, алло  Балықшы кентінде  орналасқан  "Мөлдір"  балабақшасының   маңайындағы орманда   өрт шықты тез көмекке келіңіздер.

(осы кезде   өрт  машина сигналы естіліп сөндірушілер   келіп   өртті  сөндіреді).
Қасқыр  тақпағы.
Алдияр:(Сіріңке қорабын қолына ұстап)
Балалар - ау, балалар, сіріңкеге қараңдар!
Өзі кішкентай болса да,
Бойында алып күші бар.
Сіріңкемен ойнасақ,
Абайсызда өрт шығар,
Соны есте сақтаңдар!
Би: "Өрт  сөндірушілер"

 


Тәрбиеші:- Сіріңкемен ойнауға болмайды. дұрыс айтады, біздер өрт қауіпсіздігі ережелерімізді жақсы білуіміз керек.

. Олай болса,  балалар!
Біздің бүгінгі қонағымыз:  Атырау   қалалық  төтенше   жағдайлар  басқармасының инспеторі  Берденов   Дәурен Қайратұлы ,  Төлегенов  Бақтыбек  Қалыбайұлы. Сіздерді өрт қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ақыл кеңесін береді. Сондықтан мұқият тыңдаймыз.
(Келген қонақ, өрт қауіпсіздігі жайлы мағлұмат береді)
балалар сіздің ақыл кеңесіңізден нәтиже береді деген сенімдеміз. Келіп балалармен тамаша ой бөліскеніңізге көп - көп рахмет айтамыз.

Д/О: "Кім  тапқыр"

Мақсаты:  Өрт  сөндірушілер  құралдары  мен киімдерін  табуып,атай   білуге үйрету.

 

Тәрбиеші: Балалар  осымен  "Өрт  - тілсіз  жау " атты  ертеңгілігіміз  аяқталды. Бүгінгі біздің ертеңгілігімізге  келген қадірменді қонағымызбен  қоштасайық.

 

Дайындаған:  «Ақгүлдер» ортаңғы топ тәрбиешісі Молдрахманова Сапия Ізғалиқызы