03 Қар 2020
Жаңалықтар

«Микки Маус клубындағыы көңілді күн»

А.Дүйсенбаева 

 МКҚК  №32 «Мөлдір»  балабақшасының бірінші санатты тәрбиешісі

 

 Қорытынды  оқу қызметі.

Білім беру саласы: Таным,Коммуникация,Әлеуметтік орта,Денсаулық,Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту,Қоршаған ортамен таныстыру,Сурет салу,Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,

Дене шынықтыру.

Тақырыбы: «Микки Маус клубындағыы көңілді күн»

Мақсаты:

Білімділігі: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау.Сүйікті бағдарламалары арқылы, балалардың  қызығушылығын  арттыра отырып,тапсырмаларды орындау.

Дамытушылығы: Білім салаларын қамти отырып,әр баланың өзіндік ерекшелігіне назар аудару.Балалардың логикалық ойлау,пікір айта білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Өзара достық қарым-қатынасқа, сыйластыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд,клуб бөлмесіне байланысты арнайы безендіру,түрлі шарлар,геометриялық пішіндер,бейнелеуге арналған әр балаға параллон,суреттер,тәжірибеге арналған заттар,Қысқа  толқынды  пеш .көңілді әуендер.

Жүру барысы:  Микки көңілді әуенмен:

                             Қайырлы күн достар!

                 Микки маус клубына қош келдіңіздер!

Ұмытып барады екенмін, клубымыз пайда болуымыз үшін,сиқырлы сөзді айтуымыз керек:

«Миска, муска! Микки Маус!»

(Балалармен бірге қимыл-қозғалыс жасап, қайталау)

Балаларға көздерін жұмуды ұсыну,көрнекіліктерді қою.

Микки: Міне,бәрі өз орнында. Енді көңілімізді көтереміз.

Ой,достарым ортамызда Мини жоқ қой.Ол қайда жүр екен,үнемі кешігеді.

Енді не істейміз?

1-тапсырма:

Ендеше 1-ден 10-ға дейін санап көрейік.

1-ден 10-ға дейін 3- тілде санату. Қазақша,орыс-тілінде, ағылшын тілінде.

Көңілді әуенмен:  Мини  келеді.

Сәлематсыздар ма,достар!

Ия, мен кешігіп қалдым.Өзімше үй құрастырып едім,қолымнан келмеді.Шаршап кеттім.

Микки:  -Мини біздің айналамызда қаншама достарымыз бар.Сен жалғыз емессің.

Достар көмектесеміз бе?

Балалар: Ия, көмектесеміз.

2-тапсырма:

Абдурахманға тапсырма беру,құрылыс материалдарынан  үй құрастыру.(түстерін,пішіндерін айту)

Микки:Кәне достар,бүгінгі күнімізді көңілді өткізейік.Мини сенде қандай ұсыныс бар.

Мини:Ойланып,әрлі-берлі жүріп.  Менде суреттер көп,балалармен бірге тамашалап,

әңгімелесейік.

3-тапсырма:

Слайд арқылы сурет бойынша әңгімелесу.

Мақ:Балалардың логикалық ойлауын,өз пікірлерін айта білу қабілеттерін арттыру.

Ал,достарым,достарым,

Менде қызық ойын бар.

Тек ықылас қойыңдар,

Кәне тәртіп сақтайық

Мен берген тапсырманы,

Бұлжытпай орындайық.

Дид.ойындар: 1. «Азық-түлік дүкенінде не сатылады?»

  1. «Не артық». 

Мақсаты  балалардың  логикалық  ойлау  қабілеттерін  анықтау өз  ойын пікірін  жеткізе  білуін  анықтау.

  1. «Отбасым-менің осындай»(әңгімелесу).

Мақсаты:  балалардың  сурет  бойынша  байланыстыра  сөйлеу  дағдыларын  бақылау.

Мини: Микки не бәрін білетіңдей басқарып жүрсің? Клубта екеуміз бірдейміз.

  Менде достарымен бірге сағанда тапсырма беріп көрейін.

Кәне достар,сендер келісесіңдер ме?

Балалар: Ия,әрине.

Микки: Ол не дегенің.Мини мен бәріңе келісемін.Өйткені біз достармыз.Ал достар арасында ешқандай келіспеушілік болмасын!

Достар,мен біздің сүйікті тамағымыз  «Ірімшік» туралы айтқым келеді.

Слайд арқылы түсіндіру.

Тосын сый:Тәжірибе арқылы  ірімшіктің  ерітілген  түрін  көрсету.

4-тапсырма:

Мини: -Ой ірімшік деген керемет қой. Микки саған көп рахмет.

Енді жатып демалып алсақ. (керіліп қояды)

Микки: Оқасы жоқ,достар. Бірақ мұның бәрі үлкен еңбектің жемісі,еңбексіз ештеңеге

қол жеткізбейсің.

Ал, біздің қордағы ірімшігіміз таусылып қалды, азығымызды достарымыздың көмегімен

жинап алайық.

5-тапсырма:

Сурет салу: «Дәмді ірімшік»

Мақсаты: Дәстүрден тыс бастырма әдісін пайдаланып, ірімшікті салу.        

Сурет салу әдісін балаларға түсіндіру. Алдын-ала дайын тұрған жұмсақ параломды сары түсті бояуға малып,ірімшіктің бейнесін бастырма әдісі арқылы салу.

Көмек қажет еткен балаларға көмек беру.

Мини: -Ой, қандай көп ірімшіктер. Керемет.Достар көп рахмет.

Балалардың салған суреттерін бағалау.

Мики: -Бәрекелді балалар,сурет саламыз деп шаршап қалған сияқтымыз,бойымызды сергітіп жіберейік.

Микки де біздің досымыз,

Мини де біздің досымыз.

Оларменен әрдайым,

Көңілді біздің хошымыз.

Талаптанып өсеміз

Қанаттанып өсеміз.

Көңілді бір әуенмен,

Би билейік  бәріміз.

Балалармен  бірге  Микки Маус  әуенімен билеу.

Сабақты қорытындылау.